09 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында MasterCard, Inc.
US57636Q1040 (MA_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды
09.02.24 09:27
/KASE, 09.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 09 ақпаннан
бастап есеп айырысу күні 2024 жылғы 09 сәуірге және одан кейінгі күндерге
келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдеріндегі
репо операциялары бойынша MasterCard, Inc. (АҚШ) US57636Q1040 ("KASE
Global" секторы, MA_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық
тоқтатылғанын хабарлайды
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де
2024 жылдың 09 сәуірінде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер
төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 11 сәуірінен
бастап қайта басталады.
[2024-02-09]