09 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Ford Motor Company US3453708600 (F_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды

09.02.24 09:22
/KASE, 09.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 09 ақпанынан бастап есеп айырысу күні 2024 жылдың 16 ақпанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдеріндегі репо операциялары бойынша Ford Motor Company (АҚШ) US3453708600 ("KASE Global" секторы, F_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 16 ақпанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 19 ақпанынан бастап қайта басталады. [2024-02-09]