07 ақпаннан бастап "Валюталық нарық және деривативтер нарығы бойынша клирингілік және есеп айырысу қызметі және орталық контрагенттің қызметі бойынша функционалды "Қазақстан қор биржасы" АҚ-нан "KASE Клиринг орталығы" АҚ-на беру тәртібі" атты KASE жаңа ішкі құжат қолданысқа енгізілді

08.02.24 16:02
/KASE, 08.02.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2024 жылдың 07 ақпанындағы шешімімен "Валюталық нарық және деривативтер нарығы бойынша клирингілік және есеп айырысу қызметі және орталық контрагенттің қызметі жөніндегі функционалды "Қазақстан қор биржасы" АҚ-нан "KASE Клиринг орталығы" АҚ-на беру тәртібі" (Тәртіп) атты KASE жаңа ішкі құжаты бекітілді, бұл құжат 2024 жылдың 07 ақпанынан бастап қолданысқа енгізілді. Тәртіп валюта нарығы және деривативтер нарығы бойынша берілетін объектілердің тізбесін, оларды KASE-ден KASE клирингілік орталығына беру мерзімі мен шарттарын анықтайды. Тәртіп KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Клиринг" қалташасы – "Клиринг процедуралары"). [2024-02-08]