KZ
13 шілде 2025, 15:27
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
08.02.2024 12:45 #Сауда-саттық ақпараты

Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстан қор биржасында жазылым жүргізу арқылы XS2754484439 (EBRDe22) үш жылдық халықаралық облигацияларын маржасы 0,00 %-бен орналастырып, 33,5 млрд теңге тартып

/KASE, 08.02.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде 2024 жылдың 06 ақпанында Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2754484439 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары " секторы, EBRDe22; 1 000 теңге, 33,5 млрд теңге; 08.02.24 – 08.02.27; құбымалы тоқсандық купон; actual/365) халықаралық облигацияларына жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілді. Төменде сұраныс параметрлері мен жазылым нәтижелері келтірілген.

Аталған облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болды.

СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:

------------------------------------------------------- -------------------
Қатысушылар саны:                                       5                  
Берілген өтінімдер саны (барлығы/белсенді),             7 / 7              
оның ішінде:                                                               
– шектелімді:                                           2 / 2              
– нарықтық:                                             5 / 5              
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге,                  37 500,0           
оның ішінде:                                                               
– шектелімді:                                           4 000,0            
– нарықтық:                                             33 500,0           
Сұранымға өтінім:                                       93,8 %             
Берілген өтінімдер бойынша маржа ставкасы, % (барлығы / белсенді):         
– минималды                                             0,0000             
– максималды                                            0,7500             
– орташа сараланған                                     0,6250             
---------------------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер – өтінімдер беру кезеңі аяқталған сәтте сауда-саттыққа
  қатысушылар жоймаған, соның ішінде Растау жүйесінің қатысушылары         
  растаған өтінімдер.                                                      

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесіне 64,0 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 22,7 %, өзге заңды тұлғалардың үлесіне – 13,3 % тиесілі болды..

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

-------------------------------------------------- ----------------
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, облигациялар: 33 500 000 000  
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, теңге:     33 500 000 000,0
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:                 5               
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны:    4               
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, жоспардан %:  83,8            
Қанағаттандырылған өтінімдердегі маржа             0,0000          
мөлшерлемесі, %:                                                   
-------------------------------------------------------------------

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес сауда-саттық нәтижелері бойынша есеп айырысулар аяқталған кезде осы орналастыру бойынша мәміле толық көлемде орындалды және қанағаттандырылды.

Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде орналастырылған кезде жалпы көлемнің 59,7 % – банктер, 25,4 % – басқа институционалдық инвесторлар, 14,9 % – өзге заңды тұлғалар сатып алды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

--------------------------------------------- -------------------------------
Сауда-саттық күні:                            06.02.24                       
Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 40 000 000 000                 
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                  09:30–12:00                    
Лот мөлшері, дана                             1                              
Сауда-саттық мәні:                            тиянақталған маржа мөлшерлемесі
Сатып алуға өтінімдер түрі:                   шектеулі және нарықтық         
Өтінімнің минималды көлемі:                   1 000 теңге                    
Қабылданған өтінімдер тізілімін ұсыну күні:   06.02.24                       
Қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін ұсыну  06.02.24                       
күні:                                                                        
Мәмілелер жасалған күн мен уақыт:             06.02.24, 15:00                
Есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты   08.02.24, 09:30                
-----------------------------------------------------------------------------

[2024-02-08]