Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстан қор биржасында
жазылым жүргізу арқылы XS2754484439 (EBRDe22) үш жылдық
халықаралық облигацияларын маржасы 0,00 %-бен орналастырып,
33,5 млрд теңге тартып
08.02.24 12:45
/KASE, 08.02.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) сауда-саттық жүйесінде 2024 жылдың 06 ақпанында Еуропалық
қайта құру және даму банкінің XS2754484439 ("халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздары " секторы, EBRDe22; 1 000 теңге,
33,5 млрд теңге; 08.02.24 – 08.02.27; құбымалы тоқсандық купон; actual/365)
халықаралық облигацияларына жазылу арқылы бастапқы орналастыру
жүргізілді. Төменде сұраныс параметрлері мен жазылым нәтижелері келтірілген.
Аталған облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Tengri Partners
Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болды.
СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:
------------------------------------------------------- -------------------
Қатысушылар саны: 5
Берілген өтінімдер саны (барлығы/белсенді), 7 / 7
оның ішінде:
– шектелімді: 2 / 2
– нарықтық: 5 / 5
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге, 37 500,0
оның ішінде:
– шектелімді: 4 000,0
– нарықтық: 33 500,0
Сұранымға өтінім: 93,8 %
Берілген өтінімдер бойынша маржа ставкасы, % (барлығы / белсенді):
– минималды 0,0000
– максималды 0,7500
– орташа сараланған 0,6250
---------------------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер – өтінімдер беру кезеңі аяқталған сәтте сауда-саттыққа
қатысушылар жоймаған, соның ішінде Растау жүйесінің қатысушылары
растаған өтінімдер.
Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесіне 64,0 %, басқа
институционалдық инвесторлардың үлесіне – 22,7 %, өзге заңды
тұлғалардың үлесіне – 13,3 % тиесілі болды..
ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ:
-------------------------------------------------- ----------------
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, облигациялар: 33 500 000 000
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, теңге: 33 500 000 000,0
Қанағаттандырылған өтінімдер саны: 5
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны: 4
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, жоспардан %: 83,8
Қанағаттандырылған өтінімдердегі маржа 0,0000
мөлшерлемесі, %:
-------------------------------------------------------------------
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне
сәйкес сауда-саттық нәтижелері бойынша есеп айырысулар аяқталған кезде
осы орналастыру бойынша мәміле толық көлемде орындалды және
қанағаттандырылды.
Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде орналастырылған кезде
жалпы көлемнің 59,7 % – банктер, 25,4 % – басқа институционалдық
инвесторлар, 14,9 % – өзге заңды тұлғалар сатып алды.
ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:
--------------------------------------------- -------------------------------
Сауда-саттық күні: 06.02.24
Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 40 000 000 000
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 09:30–12:00
Лот мөлшері, дана 1
Сауда-саттық мәні: тиянақталған маржа мөлшерлемесі
Сатып алуға өтінімдер түрі: шектеулі және нарықтық
Өтінімнің минималды көлемі: 1 000 теңге
Қабылданған өтінімдер тізілімін ұсыну күні: 06.02.24
Қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін ұсыну 06.02.24
күні:
Мәмілелер жасалған күн мен уақыт: 06.02.24, 15:00
Есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты 08.02.24, 09:30
-----------------------------------------------------------------------------
[2024-02-08]