"HALYK FINANCE" АҚ, FREEDOM FINANCE GLOBAL PLC, "BCC
INVEST" АҚ, "JUSAN INVEST" АҚ ЖӘНЕ "SKYBRIDGE INVEST" АҚ IPO
ШЕҢБЕРІНДЕ "ЭЙР АСТАНА" АҚ KZ1C00004050 (AIRA) ЖАЙ
АКЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ КҮТІЛЕТІН БАҒАСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ
07.02.24 11:30
/KASE, 07.02.24/ – "Эйр Астана" АҚ (Алматы) KZ1C00004050 (KASE негізгі
алаңы, "премиум" санаты, AIRA) жай акцияларының жария ұсынысын өткізу
кезінде жергілікті үйлестіруші және бірлескен букраннер болып табылатын
"Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ, жетекші
менеджер болып табылатын Freedom Finance Global PLC, "Банк
ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ, "First Heartland Jusan
Invest" АҚ және бірлескен менеджерлер болып табылатын "SkyBridge Invest"
АҚ еншілес ұйымы Қазақстан қор биржасына (KASE) мынадай мазмұндағы
хабарлама берді:
дәйексөздің басы
"Эйр Астана" АҚ ("эмитент") жай акциялардың жария ұсынысына
қатысушыларды (KZ1C00004050, AIRA) эмитент пен оның акционерлері
жария ұсыныс шеңберінде жай акцияларды ("акцияларды") орналастырудың
күтілетін бағасын жариялау туралы шешім қабылдағаны туралы хабардар етеміз:
Бір жай акция үшін күтілетін орналастыру бағасы $2,38 құрайды.
Бұл ретте акцияларды жария ұсынумен бір мезгілде Эмитент пен оның
акционерлері базалық активі London Stock Exchange and Astana International
Exchange листингі бар акциялар болып табылатын жаһандық депозитарлық
қолхаттарды ("ЖДҚ") ұсынатынын атап өтеміз. Бір ЖДҚ базалық активі
4 (төрт) акция болады. Акцияның түпкілікті бағасы теңгемен белгіленеді
және акциялардың түпкілікті бағасы айқындалған күннің алдындағы күні
(2024 жылдың 8 ақпаны) қолданыста болатын Қазақстан Ұлттық Банкінің
("ҚРҰБ") ресми бағамы бойынша теңгеге айырбасталған 4 (төрт)-ке бөлінген
ЖДҚ үшін ұсыныстың түпкілікті бағасына тең болады.
Инвесторлардан өтінімдерді қабылдау кезеңінің аяқталу күні мен уақыты:
2024 жылдың 08 ақпанында Алматы уақыты бойынша сағат 12:00-ге дейін.
Бұл ретте, акциялардың жария ұсынысына қатысушы брокерлер өз қалауы
бойынша (KASE ақпаратын уақтылы ұсыну мақсатында) өз клиенттері үшін
өтінімдер жинаудың аяқталуының өзге уақытын белгілей алатынын атап өтеміз.
Барлық мәселелер бойынша, сондай-ақ қосымша ақпарат алу үшін
жергілікті үйлестіруші мен бірлескен букраннердің, жетекші менеджердің
және бірлескен менеджерлердің келесі өкілдеріне хабарласуыңызды сұраймыз:
"Halyk Finance" АҚ: +7 (727) 339-43-77/88 (ішкі 3373, 3327, 3356),
ib@halykfinance.kz;
Freedom Finance Global PLC: +7 727 355 75 55, +7 (727) 311-10-64/65
(ішкі 616, 502, 342), ib@ffin.kz;
"BCC Invest" АҚ: +7 727 244 32 32 (ішкі 39040), ib@bcc-invest.kz;
"Jusan Invest" АҚ: +7 707 264 40 00 (ішкі 800, 801) ib@jusaninvest.kz;
"SkyBridge Invest" АҚ: +7 (727) 331 33 50 (ішкі 336), ib@sbinvest.kz.
дәйексөздің соңы
[2024-02-07]