06 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Bank of America Corporation US0605051046 (BAC_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

06.02.24 10:17
/KASE, 06.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 06 ақпанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 01 наурызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Bank of America Corporation (АҚШ) US0605051046 ("KASE Global" секторы, BAC_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 01 наурызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 04 наурызынан бастап қайта басталады. [2024-02-06]