06 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Apple Inc.US0378331005 (AAPL_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

06.02.24 10:13
/KASE, 06.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 06 ақпанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 12 ақпанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Apple Inc. (АҚШ) US0378331005 ("KASE Global" секторы, AAPL_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 12 ақпанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 14 ақпанынан бастап қайта басталады. [2024-05-06]