06 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Apple Inc.US0378331005
(AAPL_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды
06.02.24 10:13
/KASE, 06.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 06 ақпанынан
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
12 ақпанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Apple Inc. (АҚШ)
US0378331005 ("KASE Global" секторы, AAPL_KZ) жай акцияларымен KASE-де
сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 12 ақпанында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 14 ақпанынан
бастап қайта басталады.
[2024-05-06]