/KASE, 06.02.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Еуропалық қайта құру және
даму банкінің XS2754484439 облигацияларына жазылу арқылы оларды
бастапқы орналастыру жүргізіледі. (Астана қ. уақытымен)
Аталған облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Tengri Partners
Investment Banking (Kazakhstan)" (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді.
-------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі: хаплықаралық облигациялар
ISIN: XS2754484439
----------------------------------------- -------------------------------
Жазылым өткізу күні: 06.02.24
Орналастырудың номиналды көлемі, 40 000 000 000
теңге:
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 09:30–12:00
Лот мөлшері, дана: 1
Сауда-саттық заты: тиянақталған маржа мөлшерлемесі
Сатып алуға өтінім түрі: нарықтық және шектелімді
Өтінімнің минималды көлемі: 1 000 теңге
Қабылданған өтінімдердің тізілімін ұсыну 06.02.24
күні:
Қанағаттандырылған өтінімдердің тізілімін 06.02.24
беру күні:
Мәмілелердің жасалатын күні мен уақыты: 06.02.24, 15:00
Есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен 08.02.24, 09:30
уақыты:
-------------------------------------------------------------------------
Баға ретінде өтінімде белгіленген маржа мөлшерлемесінің мәні екінші ондық
таңбаға дейінгі дәлдікпен пайызбен көрсетілуі тиіс.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде теңгемен номиналды көлемі
көрсетілуі тиіс.
Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды
Сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне жеке
тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы
туралы мәліметтер кіреді.
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер Биржаға тек "қор" санатындағы KASE
мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық
тізімі
http://kase.kz/kz/membership сілтемесі бойынша жарияланған.
Есеп айырысуларды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге
асырады.
Бағалы қағаздарға жазылым жүргізу ережелері KASE интернет-ресурсында
http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша
жарияланған.
[2024-02-06]