/KASE, 05.02.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ (Астана)
Директорлар кеңесінің 2024 жылдың 31 қаңтардағы қоғамның жалғыз
акционерінің басым құқығын іске асыру жолымен бір акция үшін 2,0 млн
теңге бағамен жарияланған акциялар саны шегінде 5 550 жай акцияны
орналастыру шешімі туралы KASE-ге хабарлады.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/IDFR/idfr_info_reshenie_sd_310124_319.pdf
[2024-02-05]