KZ
12 шілде 2025, 06:58
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01.02.2024 16:01 #Нормативтік база

01 ақпаннан бастап Мүшелік туралы қағидаға енгізілген түзетулер қолданысқа енгізіледі

/KASE, 01.02.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) директорлар кеңесінің 2024 жылдың 31 қаңтарындағы шешімімен, 2024 жылдың 01 ақпанынан бастап қолданысқа енгізілетін, KASE "Мүшелік туралы қағида" (Қағида) атты ішкі құжатына № 9 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді.

Түзетулермен мыналар белгіленді:

  • KASE мүшесінің трейдерін сауда-саттыққа қатысудан шеттету және KASE сауда-саттық жүйесімен жұмыс істеуге рұқсаттан айыру мерзімі ұзартылды (10-нан 30 жұмыс күніне дейін);
  • KASE мүшесінің трейдерін сауда-саттыққа қатысуға жіберуді қайта бастау үшін аттестаттаудан өтуі бойынша қосымша шарт белгіленді;
  • KASE мүшесінің еншілес ұйымдары болған кезде KASE мүшесі болып табылатын брокерлік ұйымдарының тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынуы бойынша талап алынып тасталды;
  • KASE мүшелері болып табылатын шетелдік заңды тұлғалар мен АХҚО қатысушылары үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаржылық есептілік (шоғырландырылған және/немесе жеке) бойынша аудиторлық есепті KASE-ге ұсынуы бойынша шарт белгіленді;
  • KASE мүшелерінің ұсынуы үшін қосымша ақпарат анықталды.

Қағиданың жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады толығырақ ("Мүшелік" қалташасы).

[2024-02-01]