01 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Intel Corporation US4581401001 (INTC_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

01.02.24 09:49
/KASE, 01.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 01 ақпанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 07 ақпанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Intel Corporation (АҚШ) US4581401001 ("KASE Global" секторы, INTC_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 07 ақпанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 09 ақпанынан бастап қайта басталады. [2024-02-01]