KZ
12 шілде 2025, 09:18
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
31.01.2024 16:03 #Қаржы құралдары

"R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00010937 (MFRFb11) облигациялары "баламалы алаңның" облигациялар " санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

/KASE, 31.01.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 31 қаңтарында "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС (Аcтана) KZ2P00010937 (1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 2 жыл; ай сайынғы купон, облигацияларды орналастру бойынша бірінші жүзеге асқан сауда-саттықтың нәтижесі бойынша анықталады, 30/360) облигацияларының баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

"R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС қаржылық кеңесшісі "First Heartland Jusan Invest" АҚ (Астана) болып табылады.

Аталған облигацияларға MFRFb11 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді.

"Робокэш.кз" МҚҰ ЖШС қызметінің негізгі түрі – микроқаржы және лизингілік қызметті жүзеге асыру.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады.

[2024-01-31]