Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
26 қаңтардан бастап KASE саудасаттық жүйесі мен деректер базасында "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ KZ2C00010338 (IDFRb5) облигацияларының саны, шығарылу көлемі және сыйақы мөлшерлемесі туралы ақпарат өзгертілді
/KASE, 26.01.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 26 қаңтарынан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ (Астана) KZ2C00010338 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, IDFRb5; 1 000 теңге, 232,0 млрд теңге; 15 жыл; жылдық купон, жылдық 12,50%; 30/360) облигациялары бойынша мынадай ақпарат өзгергені туралы хабарлайды:
- тіркелген облигациялар саны 232 000 000 данадан 190 000 000 данаға;
- облигациялардың шығарылым көлемі 232 000 000 000 теңгеден 190 000 000 000 теңгеге;
- сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері облигациялардың номиналды құнынан жылдық 12,50 %-дан жылдық 13,15 %-ға дейін.
Аталған облигациялар шығарылымының аңдатпасы өзгертулермен мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2024-01-26]