KASE және KASE Клирингілік орталығы жүйелі маңызды инфрақұрылымдық қаржы ұйымдары мәртебесіне ие болды

26.01.24 11:17
/KASE, 26.01.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) және KASE 100 % еншілес ұйымы болып табылатын KASE Клирингілік орталығы (Клирингілік орталық) жүйелі маңызды инфрақұрылымдық қаржы ұйымдарының қатарына жатқызылған. Бұл мәртебе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылдың 23 желтоқсанындағы № 240 қаулысымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының 2024 жылдың 19 қаңтарындағы № 17 бұйрығына сәйкес Қаржы ұйымдарын жүйелі маңызды ұйымдардың қатарына жатқызу ережелеріне сәйкес KASE-ге және Клирингілік орталыққа берілді. Бұл Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеу тұрақтылығы KASE және Клирингілік орталықтың тұрақты қызметіне байланысты екенін білдіреді. Бірегейлік критерийіне сәйкес KASE және Клирингілік орталық тиісінше жүзеге асыратын жалғыз ұйымдар болып табылады: - бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастыру; - қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингілік қызмет. [2024-01-26]