01 ақпаннан бастап KASE "Трейдерлерді аттестаттауды өткізу тәртібі" және "Аттестаттау комиссиясы туралы қағида" атты жаңа ішкі құжаттары қолданысқа енгізіледі

26.01.24 11:42
/KASE, 26.01.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2024 жылдың 25 қаңтарндағы шешімімен 2024 жылдың 01 ақпанынан бастап қолданысқа енгізілетін "Трейдерлерді аттестаттауды өткізу тәртібі" (Тәртіп) және "Аттестаттау комиссиясы туралы қағида" (Қағида) атты KASE жаңа ішкі құжаттары бекітілді. Тәртіп пен Қағида 01 ақпаннан бастап сауда-саттыққа қатысудан шеттетілген және KASE сауда-клирингілік жүйесімен жұмыс істеуге рұқсаттан айырылған трейдерлерді аттестаттаудан өткізу мақсатында әзірленді. Тәртіп KASE мүшелерінің трейдерлерін аттестаттаудан өткізу тәртібін, шарттары мен процедурасын анықтайды. Қағида KASE аттестаттау комиссиясының құрылымын, функцияларын, құқықтары мен міндеттерін анықтайды. Тәртіп KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Сауда-саттық" қалташасы – "Сауда-саттық жүйесі"). [2024-01-26]