/KASE, 24.01.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана), деп хабарлады KASE:
дәйексөздің басы
"Қазақтелеком" АҚ Қазақстан Республикасының 2023.12.12 № 45-VIII ҚРЗ
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"
Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы Заңына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу
туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2024 жылғы 15-17 қаңтарда
Қазақстан Республикасы резиденттерінің заңды тұлғаларына 2023 жылғы
13-14 қарашада төлеген кезде ұсталған салық сомасына 2022 жылғы бөлінбеген
пайдадан дивидендтер қосымша төленгенін хабарлайды.
Сондай-ақ, 2023 жылғы 21 желтоқсанда 2023 жылғы 13-14 қарашада төлеген кезде
ұсталған салық сомасына ҚР резиденттер жеке тұлғаларының номиналды ұстаудағы
акциялары бойынша 2022 жылғы бөлінбеген пайдадан дивидендтер қосымша төленді.
Бұл төлем "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ алынған түпкілікті
бенефициарлар туралы деректерді ескере отырып жүзеге асырылды.
дәйексөздің соңы
Осы ақпарат орналастырылды:
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_information_170124_kz.pdf – қазақ
тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_information_170124.pdf – орыс
тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_information_170124_en.pdf –
ағылшын тілінде.
[2024-01-24]