/KASE, 19.01.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдағы қызметінің
негізгі қорытындылары туралы ақпарат жариялады.
- Сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2023 жылы 410,7 трлн теңгені құрап,
2022 жылмен салыстырғанда 57,0 % немесе 149,1 трлн теңгеге өсті.
- 2023 жылдың қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 28,8 %-ға,
яғни 4 187,38 тармаққа дейін ұлғайды.
- Акциялар нарығының капиталдандырылуы бір жылда 26,4 %-ға 26,7
трлн теңгеге дейін өсті.
- KASE-де саудаланатын корпоративтік қарыз көлемі 6,5 %-ға 13,5 трлн
теңгеге дейін төмендеді.
- 2023 жылы листинг процедурасынан 36 жаңа эмитенттің бағалы
қағаздары өтті: екеуі акциялар секторында, бесеуі KASE Global
секторында, 28 корпоративтік облигациялар секторында және біреуі
халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздар секторында.
- 2024 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық
тізімдерінде 237 эмитенттің 656 атауындағы мемлекеттік емес бағалы
қағаздар болды.
- 2024 жылдың 01 қаңтарында "Бағалы қағаздардың орталық
депозитарийі" АҚ-да омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын жеке
тұлғалардың 693 мың жеке шоттары және ұстаушылардың 1,7 млн
брокерлік шоттары болды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша жеке
тұлғалар 161 мың жаңа жеке қосалқы шотты тіркеді.
Бағалы қағаздар, шетел валюталары, ақша, туынды құралдар
нарықтарының көрсеткіштерін, сондай-ақ жобалар мен негізгі іс-шараларға
шолуды қамтитын толық ақпарат KASE интернет-ресурсында жарияланған
KASE баспасөз мәлімдемесінде ұсынылған:
-
https://kase.kz/files/press/kz/18_01_2024_Itogi_2023_kaz.pdf – қазақ
тілінде;
-
https://kase.kz/files/press/ru/18_01_2024_Itogi_2023_ru.pdf – орыс тілінде.
[2024-01-19]