29 желтоқсаннан бастап "Agriqa Азия" ЖШС KZ2P00010481 (AGQApp1) облигациялары KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізілді

29.12.23 18:08
/KASE, 29.12.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 28 желтоқсанында "AGRIQA Азия" ЖШС (Түркістан облысы) KZ2P00010481 (AGQApp1; $1 000; $1,2 млн; 3 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 8,00%; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 29 желтоқсанынан бастап күшіне енді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратмына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/AGQApp1/ [2023-12-29]