KASE Листингілік комиссиясы "Agriqa Азия" ЖШС KZ2P00010481 (AGQApp1) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады

29.12.23 10:12
/KASE, 29.12.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 28 желтоқсанында "Agriqa Азия" ЖШС (Түркістан облысы) KZ2P00010481 ($1 000; $1,2 млн; 3 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 8,00 %; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға AGQApp1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2023-12-29]