KASE Листингілік комиссиясы "Agriqa Азия" ЖШС KZ2P00010481
(AGQApp1) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру"
алаңына енгізу туралы шешім қабылдады
29.12.23 10:12
/KASE, 29.12.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2023 жылдың 28 желтоқсанында "Agriqa Азия" ЖШС
(Түркістан облысы) KZ2P00010481 ($1 000; $1,2 млн; 3 жыл; жартыжылдық
купон, жылдық 8,00 %; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке
орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға AGQApp1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық
коды) берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2023-12-29]