28 желтоқсаннан бастап Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001451 (KSK015_145) облигациялары мерзімінен бұрын өтелуіне байланысты KASE ресми тізімінен шығарылады

27.12.23 15:07
/KASE, 27.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 28 желтоқсанынан бастап Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001451 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KSK015_145; 1 000 теңге, 3 733 187 000,0 теңге; 15.12.22 – 29.03.24); жарты жылдық купон, жылдық 4,25 %; 30/360) облигациялары олардың мерзімінен бұрын өтелуіне байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталатынын хабарлайды. Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы 2023 жылдың 27 желтоқсанындағы хатпен KASE-ге көрсетілген облигациялардың мерзімінен бұрын толық өтелгені туралы хабарлады. [2023-12-27]