"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Sustainable Fitch агенттігі оған "3" деңгейінде ESG-
рейтингін бергені туралы хабарлады
27.12.23 10:28
/KASE, 27.12.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған
2023 жылдың 22 желтоқсандағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп
хабарланады:
дәйексөздің басы
Sustainable Fitch рейтинг агенттігі “Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі
АҚға (бұдан әрі – Бәйтерек, холдинг) алғаш рет ұйымдардың “3” дейгейлі
ESGрейтингін және 57 деңгейіндегі ұпайды белгіледі. Рейтинг компанияның
тұрақты даму саласындағы стратегиясы мен бастамаларын, қаржылық
қызметтегі ESG факторларын есепке алуды, сондай-ақ әлеуметтік кепілдік
пен басқару тәжірибесін білдіреді.
Sustainable Fitch әлеуметтік аспектілердегі фокус топтарды, нақтырақ
айтсақ, "Qazaqstan Investment Corporation" (QIC) АҚ, “Даму” (Даму)
кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ және "Bereke Bank" АҚ-ның еншілес
компанияларының ШОБ-ты қаржыландыруын; тұрғын үй бағдарламалары,
соның ішінде “Отбасы банкі” тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ және
“Қазақстанның тұрғын үй компаниясы” АҚ іске асыратын халықтың ең осал
топтарына арналған бағдарламаларды; "КазахЭкспорт" ЭСК” АҚ өңдеуші
салаларының өнімдерін экспорттауды ілгерілетуді оң бағалады.
Рейтинг “Қазақстан даму банкі” АҚ, Даму, QIC және “Аграрлық кредит
корпорациясы” АҚ сияқты еншілес ұйымдарды “жасыл” қаржыландыруды
қамтиды.