26 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында JPMorgan Chase &
Co. US46625H1005 (JPM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық
тоқтатылады
26.12.23 10:10
/KASE, 26.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 26 желтоқсанынан
бастап KASE орталық контрагент ретінде әрекет ететін және есеп айырысу күні
2024 жылдың 05 қаңтарына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін репо
операцияларға байланысты JPMorgan Chase & Co. US46625H1005 (JPM_KZ) жай
акцияларымен бойынша сауда-саттықты тоқтататынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі құжатының
11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 05 қаңтарында
көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
Көрсетілген акциялармен KASE-де сауда-саттық 2024 жылдың 08 қаңтарыннан бастап
қайта басталады.
[2023-12-26]