/KASE, 25.12.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Басқармасы 2023 жылдың 21 желтоқсанында "Teniz Capital Investment"
АҚ-ның (Алматы) KZ2C00010676 (TCIBb3; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 365 күн;
actual/actual) дисконттық облигацияларының баламалы алаңын "коммерциялық
облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім
қабылдады банкинг".
Басқарманың бұл шешімі 2023 жылдың 25 желтоқсанынан бастап күшіне енді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланады
https://kase.kz/ru/bonds/show/TCIBb3/
[2023-12-25]