/KASE, 25.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың
26 желтоқсанынан бастап Еуропалық қайта құру және дамыту банкінің
XS2733527670 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары"
секторы, EBRDe21; 40,0 млрд теңге; 21.12.23-21.12.25; жылдық купон,
жылдық 13,60%; actual/365) халықаралық облигацияларымен KASE-де
сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/EBRDe21/
[2023-12-25]