/KASE, 22.12.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Басқармасы 2023 жылдың 21 желтоқсанында "Лизинг Групп" АҚ
(Алматы) келесі облигацияларының баламалы алаңын "коммерциялық
облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім
қабылдады:
- KZ2C00010718 (LZGRb6; $1 000, $5,0 млн; 270 күн; купон бір рет
төленеді, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-
саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360);
- KZ2C00010734 (LZGRb7; 1 000 теңге, 2,5 млрд теңге; 360 күн; жарты
жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-
саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360).
Басқарманың бұл шешімі 2023 жылдың 25 желтоқсанынан бастап күшіне
енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
мына сілтеме бойынша жарияланады
https://kase.kz/ru/issuers/LZGR/
[2023-12-22]