Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстан қор биржасында жазылым жүргізу арқылы өзінің екі жылдық XS2733527670 (EBRDe21) халықаралық облигацияларын жылдық 13,60 %-бен орналастыра отырып, 40,0 млрд теңге тартты

21.12.23 17:11
/KASE, 21.12.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2023 жылдың 19 желтоқсанында Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2733527670 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EBRDe21; 40,0 млрд теңге; 21.12.23 – 21.12.25; жылдық купон; actual/365) халықаралық облигацияларын, оларға жазылу арқылы, бастапқы орналастыруы жүргізілді. Аталған облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) әрекет етті. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 19 желтоқсанында Астана қаласы уақытымен сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін жүргізілді. Орналастыруға номиналды көлемі 30 000 000 000 теңге (номиналды құны 1 теңге 30 000 000 000 дана) облигациялар ұсынылды. Жазылым шеңберінде шектелімді және нарықтық өтінімдер қабылданды. Баға ретінде өтінімде купон мөлшерлемесінің мәні, ондық үтірден кейінгі екінші ондық таңбасына дейінгі дәлдікпен жылдық пайызбен көрсетілген, қаржы құралдарының саны ретінде – теңгедегі номиналды көлем көрсетілді. Сатып алушылар үшін берілген өтінімдердегі облигациялардың максималды санына шектеулер жазылу шарттарымен белгіленбеген. Сауда-саттыққа KASE 5 мүшесі қатысты. Сауда-саттық жүйесіне барлығы 8 шектелімді өтінім берілді, оның ішінде 7 өтінім номиналды көлемі 60 020,0 млн теңге, өтінімдерді жинау аяқталған кезде белсенді деп танылды. Берілген белсенді өтінімдерде өтеуге кірістілік жылдық 13,5000 %–13,6000 % диапазонында өзгерді, өтеуге орташа сараланған кірістілік жылдық 13,5875 % құрады. Сұраным ұсынымнан 2,0 есе асып түсті. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесіне 99,97 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 0,03% тиесілі болды. Орналастыру нәтижелері бойынша KASE 5 мүшесі берген жалпы сомасы 40 000 000 000,0 теңгеге 6 өтінім қанағаттандырылды. Эмитент 40 000 000 000 облигацияларын орналастырып, өтеу кірістілігін жылдық 13,60 % деңгейінде анықтады. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес аталған облигацияларға жазылу нәтижелері бойынша барлық мәмілелер осы ақпарат жарияланған кезде есептелді, жазылым аяқталды. Бұл ретте тарту көлемі бойынша 99,9 % – банктер, 0,1 % – өзге заңды тұлғалар сатып алды. [2023-12-21]