Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Лизинг Групп" АҚ KZ2C00010718 (LZGRb6) және KZ2C00010734 (LZGRb7) облигациялары баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті
/KASE, 21.12.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2023 жылдың 21 желтоқсанында "Лизинг Групп" АҚ (Алматы) келесі облигацияларын баламалы алаңын "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:
- KZ2C00010718 ($1 000, $5,0 млн; 270 күн; купон бір рет төленеді, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360);
- KZ2C00010734 (1 000 теңге, 2,5 млрд теңге; 360 дней; жарты жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360).
Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға сәйкесінше LZGRb6 және LZGRb7 қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілген.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат Басқарманың осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады.
[2023-12-21]