/KASE, 20.12.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Басқармасы 2023 жылдың 12 желтоқсанында Еуропалық қайта
құру және даму банкінің XS2733527670 (EBRDe21; 40 000,0 млн теңге;
21.12.23 – 21.12.25; жылдық купон, жылдық 13,60%; actual/365)
халықаралық облигацияларын KASE ресми тізіміне "халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізуге келісім берді.
Аталған облигацияларға рұқсаттама бастамашысы "Tengri Partners
Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болып табылады.
Басқарманың бұл шешімі 2023 жылдың 20 желтоқсанынан бастап күшіне енді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/EBRDe21/
[2023-12-20]