"аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС өзінің KZ2P00007917 (MFAFb3)
облигацияларының өтелгені туралы хабарлады
20.12.23 14:45
/KASE, 20.12.23/ – "аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) Қазақстан
қор биржасына (KASE) 2023 жылдың 08 желтоқсанында өзінің KZ2P00007917
(MFAFb3) облигацияларын өтеу туралы хабарлады, өтеу шеңберінде көрсетілген
облигациялар бойынша соңғы – сегізінші купондық сыйақы төленді.
Аталған хабарламаға сәйкес аталған облигациялар бойынша төлемдердің
жалпы сомасы 1 035 113 312,5 теңгені құрады, оның ішінде негізгі борыш
(облигациялардың жиынтық номиналды құны) – 988 175 000 теңге, сегізінші
купондық сыйақы – 46 938 312,50 теңге.
[2023-12-20]