13 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында Verizon Communications Inc. US92343V1044 (VZ_KZ) жай акцияларымен сауда- саттық тоқтатылады

13.12.23 09:41
/KASE, 13.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 13 желтоқсанынан бастап KASE олар бойынша орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2024 жылдың 10 қантарына және одан кейінгі күндерге тиесілі Verizon Communications Inc. (АҚШ) US92343V1044 ("KASE Global" секторы, VZ_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын екенін хабарлайды. Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 10 қантарында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 12 қантарынан бастап қайта басталады. [2023-12-13]