08 желтоқсаннан бастап KASE-де Mastercard, Inc. US57636Q1040 (MA_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

08.12.23 10:00
/KASE, 08.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 08 желтоқсанынан бастап KASE орталық контрагент ретінде әрекет ететін және есеп айырысу күні 2024 жылдың 09 қантарына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін репо операцияларға байланысты Mastercard, Inc. (АҚШ) US57636Q1040 ("KASE Global" секторы, MA_KZ) жай акцияларымен бойынша сауда-саттықты тоқтататынын хабарлайды. Сауда-саттық KASE "биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 09 қантарында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. Көрсетілген акциялармен KASE-де сауда-саттық 2024 жылдың 11 қантарынан бастап қайта басталады. [2023-12-08]