06 желтоқсан күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 08 желтоқсанда болатын МЕОКАМ-24 88-ші шығарылымын (KZK200000752, MOM024_0088) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті
/KASE, 06.12.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2023 жылдың 08 желтоқсанында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕОКАМ-24 88-ші шығарылымын (KZK200000752, MOM024_0088) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналдан 100,8785 % (кірістілік – жылдық 13,75 %) белгіленген кесімдеу бағасы бойынша номиналды құны бойынша жалпы сомасы 5 000 000 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды.
Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 08 желтоқсанда болатын МЕОКАМ-24 88-ші шығарылымын (KZK200000752, MOM024_0088) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2023-12-06]