06 желтоқсан күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 08 желтоқсанда болатын МЕУКАМ-96 13-ші шығарылымын (KZKD00001202, MUM096_0013) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті
/KASE, 06.12.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2023 жылдың 08 желтоқсанында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-96 13-ші шығарылымын (KZKD00001202, MUM096_0013) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда- саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент белгіленген кесімдеу бағасы бойынша номиналдан 91,7762 % (кірістілік – жылдық 13,00 %) бойынша жалпы сомасы 5 000 000 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды.
Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 08 желтоқсанда болатын МЕУКАМ-96 13-ші шығарылымын (KZKD00001202, MUM096_0013) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2023-12-06]