05 желтоқсаннан бастап "TAS FINANCE GROUP" Микроқаржы
ұйымы" ЖШС (ТАС ФИНАНС ГРУПП) KZ2P00010580 (MFTSb1)
облигациялары KASE ресми тізіміне баламалы алаңының
"облигациялар" санаты бойынша енгізілді
05.12.23 18:05
/KASE, 05.12.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясы "TAS FINANCE GROUP" Микроқаржы
ұйымы" ЖШС (ТАС ФИНАНС ГРУПП) (Абай обл.) 2023 жылдың
05 желтоқсанында KZ2P00010580 (MFTSb1, 500 000 теңге, 10,0 млрд теңге;
2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигацияларын KASE
ресми тізіміне баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізу
туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 05 желтоқсанынан
бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2023-12-05]