"TAS FINANCE GROUP" Микроқаржы ұйымы" ЖШС (ТАС ФИНАНС
ГРУПП) KZ2P00010580 (MFTSb1) облигациялары KASE-де баламалы
алаңның "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан
өтті
05.12.23 15:09
/KASE, 05.12.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы
2023 жылдың 05 желтоқсанында "TAS FINANCE GROUP" Микроқаржы ұйымы" ЖШС
(ТАС ФИНАНС ГРУПП) (Абай облысы) KZ2P00010580 (500 000 теңге, 10,0 млрд
теңге; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигацияларының
KASE ресми тізіміне баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізу
туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигацияларды шығару Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі 2023 жылғы 01 Желтоқсанда 30,0 млрд теңге сомаға тіркеген
"TAS FINANCE GROUP" Микроқаржы ұйымы" ЖШС (ТАС ФИНАНС ГРУПП) бірінші облигациялық
бағдарламасы шегінде бірінші болып табылады.
Аталған облигацияларға MFTSb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді.
"TAS FINANCE Group" Микроқаржы ұйымы" ЖШС (ТАС ФИНАНС ГРУПП) қызметінің негізгі
түрі – микрокредиттер беру.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік
комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын
болады.
[2023-12-05]