В.В. Сон "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды

05.12.23 12:21
/KASE, 05.12.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана) Директорлар кеңесінің 2023 жылдың 23 қарашасындағы шешімімен В.В. Сон холдингтің басқарма төрағасының орынбасары болып сайланғанын KASE-ге хабарлады. Енгізілген өзгерісті ескере отырып, "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқармасы алты адамнан тұрады: Байбазаров Н.С., Айдапкелов Н.С., Мұхамеджанов А.Б., Хамитов Е.Е., Ғалым У.А., Сон В.В. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/BTRK/btrk_board_changes_231223_4757.pdf [2023-12-05]