05 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында теңгеге рубльдің бағамына бір айлық фьючерстермен сауда-саттық ашылды (RU-01.24)
/KASE, 05.12.23/ – 2023 жылдың 05 желтоқсанынан бастап Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылдың 18 қаңтарында орындалатын теңгеге Ресей рублінің бағамына бір айлық фьючерстермен сауда-саттық ашылды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген айлық келісімшартқа RU-01.24 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді.
KASE еске салады: туынды қаржы құралдарымен сауда-саттық KASE-де жұмыс күндері Астана қ.уақытымен 10:00-ден 17:30-ға дейін, осы сауда-саттық бойынша клирингілік сессия – Астана қ. уақытымен 20:30-дан 21:00-ге дейін өткізіледі.
Туынды қаржы құралдарымен биржалық сауда-саттыққа KASE деривативтер нарығының клирингілік қатысушылары қатыса алады, олардың тізімі KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ
KASE фьючерстерінің сауда саттық нәтижелері мына сілтеме бойынша жарияланады толығырақ
KASE деривативтер нарығының жұмыс істеу тәртібін реттейтін ішкі құжаттар мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ / ("Сауда – саттық" – "Деривативтер" қалташасы).
[2023-12-05]