KZ
9 мамыр 2025, 14:56
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
04.12.2023 14:50 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазТрансОйл" АҚ 2024 жылы "ТОН-2" мұнай құбыры бойынша мұнай транзитіне тарифті көтереді

/KASE, 04.12.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2023 жылдың 04 желтоқсанындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады:

дәйексөздің басы

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап "Туймазы – Омбы – Новосибирск-2" («ТОН-2») магистральдық құбырының қазақстандық учаскесі бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік мұнайды айдау бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ қызметінің тарифі 1000 км-ге 1 тонна үшін 11,28 АҚШ долларын (ҚҚС-сыз) құрайды. Жаңа тариф "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының (басқарма төрағасының) бұйрығымен бекітілді.

Қазіргі уақытта "ҚазТрансОйл" АҚ "ТОН-2" магистральдық құбырының қазақстандық учаскесі бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымалдау мақсатында мұнай айдау бойынша қызмет көрсету тарифі 1000 км-ге 1 тонна үшін 4 292,4 теңгені құрайды (ҚҚС-сыз). Бұл тариф 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданылып келеді.

Осылайша, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап "ТОН-2" магистральдық құбырының қазақстандық учаскесімен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік мұнай айдау құны 1 тонна үшін 2,1 АҚШ долларын (ҚҚС-сыз) құрайды. 2018 жылғы 1 сәуірден 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін "ТОН-2" магистральдық құбырының қазақстандық учаскесі арқылы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік мұнай айдау құны 1 тонна үшін 799,455 теңгені (ҚҚС-сыз) құрайды.

"ТОН-2" магистральдық мұнай құбыры Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аумағы арқылы өтеді. Ұзындығы 186,25 шақырым болатын "ТОН-2" магистральдық мұнай құбырының қазақстандық учаскесі Павлодар мұнай-химия зауытын мұнаймен қамтамасыз етеді және Ресей мұнайын Қытай Халық Республикасы мен Өзбекстан Республикасына транзитпен тасымалдайды.

дәйексөздің соңы

Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы жарияланды:

[2023-12-04]