"АФинанс микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00007917 (MFAFb3) облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

04.12.23 09:21
/KASE, 04.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2023 жылдың 04 желтоқсанынан бастап "аФинанс микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00007917 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFAFb3; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 03.12.21 – 03.12.23; тоқсандық купон, жылдық 19,00%; 30/360) облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды. Аталған облигациялар 2021 жылдың 15 қазанынан бастап баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2021 жылдың 05 қарашасынан бастап ашылған. [2023-12-04]