KZ
9 мамыр 2025, 17:48
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
04.12.2023 09:21 #Қаржы құралдары

"АФинанс микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00007917 (MFAFb3) облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

/KASE, 04.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2023 жылдың 04 желтоқсанынан бастап "аФинанс микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00007917 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFAFb3; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 03.12.21 – 03.12.23; тоқсандық купон, жылдық 19,00%; 30/360) облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды.

Аталған облигациялар 2021 жылдың 15 қазанынан бастап баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2021 жылдың 05 қарашасынан бастап ашылған.

[2023-12-04]