"R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00010440 (MFRFb10) облигациялары баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті
/KASE, 01.12.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2023 жылдың 30 қарашасында "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС (Астана) KZ2P00010440 (1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 12 ай; ай сайынғы купон, жылдық 20,00%) облигацияларын баламалы алаңын "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға MFRFb10 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілген.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Басқарманың осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады.
[2023-12-01]