"Қазақтелеком" АҚ 2022 жылға өзінің KZ0009093241 (KZTK) жай акциялары және KZ0009094645 (KZTKp) артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төледі

30.11.23 12:34
/KASE, 30.11.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана) 2023 жылдың 15-24 қарашасы аралығында жалпы сомасы 32,5 млрд теңгеге бір акцияға 3 038,36 теңге мөлшерінде жай акциялар бойынша 2022 жылға дивидендтер төленгені туралы хабарлады. Бұдан басқа, 2023 жылдың 13-14 қарашасы аралығында жалпы сомасы 581,2 млн теңгеге бір акцияға 2 738,36 теңге мөлшерінде артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төленді. 2022 жылға артықшылықты акциялар бойынша кепілдендірілген дивидендтер (300,00 теңге) 2022 жылдың желтоқсанында төленді. Осы ақпарат орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_dividends_241123_2714.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_reliz_301123_en.pdf – ағылшын тілінде. [2023-11-30]