KASE "ҚазТрансОйл" АҚ "Эмитент күнін" өткізді

29.11.23 17:00
/KASE, 29.11.23/ – Бүгін Қазақстандық қор биржасы (KASE) "Эмитент күні" жобасы аясында "ҚазТрансОйл" АҚ басшылығының инвесторлармен, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен және БАҚ өкілдерімен онлайн кездесу өткізді. Кездесу "ҚазТрансОйл" АҚ-ның 2023 жылдың тоғыз айындағы қаржылық нәтижелеріне арналды. Іс-шараға Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Әміржан Оспанов, бас директордың корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары Алмас Оңғарсынов және даму жөніндегі басқарушы директор Абай Иманғалиев қатысушыларға "ҚазТрансОйл"АҚ өндірістік және қаржылық көрсеткіштері, күрделі салымдары, тарифтік саясаты және инвестициялық жобаларын іске асыру бойынша негізгі деректерді ұсынды. Кездесуге қатысушылар сондай-ақ "Астрахань-Маңғышлақ" магистральдық су құбырын қайта жаңарту және кеңейту – 1 кезек" жобасының іске асырылу барысы және мұнай тасымалдау бағыттарын әртараптандыру туралы ақпарат алды. [2023-11-29]