KZ
16 шілде 2025, 06:39
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
29.11.2023 10:56 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ өзінің облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізгені туралы хабарлады

/KASE, 29.11.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2023 жылдың 28 қарашасындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады:

дәйексөздің басы

Осымен "Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – Биржа) листингтік комиссиясының 2023 жылғы 21 қарашадағы № 52 шешімімен сырттай дауыс беру арқылы қабылданған "ҚазМұнайГаз "Ұлттық компаниясы" АҚ – ның жеке орналастыруға жататын (ISIN-KZ2C00010429) облигациялары "Жеке орналастыру" алаңына биржаның ресми тізіміне енгізілгенін хабарлаймыз.

Мәлімет үшін:

"Астрахань – Маңғышлақ" магистральдық су құбырын реконструкциялау және кеңейту, 1 кезең» инвестициялық жобасын іске асыруға және қаржыландыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан дағдарысқа қарсы қаражатты беру шеңберінде "ҰК" АҚ "ҚазМұнайГаз" "Самұрық-Қазына" АҚ-нан 20 млрд теңге сомасына облигациялық несие тартты.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2022 жылғы 30 желтоқсандағы шешімімен жобаны іске асыруға "Самұрық-Қазына" АҚ Ұлттық қорынан 70 млрд теңге көлемінде дағдарысқа қарсы қаражат бөлінді, оның 50 млрд теңгесі "Магистральдық су құбыры" ЖШС ҰК АҚ-дан облигациялық қарыз түрінде "ҚазМұнайГаз" 2023 жылдың сәуірінде тартылды.

Жобаны іске асыру "Астрахан - Маңғышлақ" магистральдық су құбырының өткізу қабілетін 2024 жылы тәулігіне 110 мыңнан 170 мың м3-ке дейін арттыруға мүмкіндік береді.

дәйексөздің соңы

Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды:

[2023-11-29]