/KASE, 29.11.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана)
KASE-ге ұсынған 2023 жылдың 28 қарашасындағы баспасөз мәлімдемесінде
былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
Осымен "Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – Биржа) листингтік комиссиясының
2023 жылғы 21 қарашадағы № 52 шешімімен сырттай дауыс беру арқылы қабылданған
"ҚазМұнайГаз "Ұлттық компаниясы" АҚ – ның жеке орналастыруға жататын
(ISIN-KZ2C00010429) облигациялары "Жеке орналастыру" алаңына биржаның ресми
тізіміне енгізілгенін хабарлаймыз.
Мәлімет үшін:
"Астрахань – Маңғышлақ" магистральдық су құбырын реконструкциялау және
кеңейту, 1 кезең» инвестициялық жобасын іске асыруға және қаржыландыруға
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан дағдарысқа қарсы қаражатты беру
шеңберінде "ҰК" АҚ "ҚазМұнайГаз" "Самұрық-Қазына" АҚ-нан 20 млрд теңге
сомасына облигациялық несие тартты.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері
жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2022 жылғы 30 желтоқсандағы шешімімен
жобаны іске асыруға "Самұрық-Қазына" АҚ Ұлттық қорынан 70 млрд теңге көлемінде
дағдарысқа қарсы қаражат бөлінді, оның 50 млрд теңгесі "Магистральдық су
құбыры" ЖШС ҰК АҚ-дан облигациялық қарыз түрінде "ҚазМұнайГаз" 2023 жылдың
сәуірінде тартылды.
Жобаны іске асыру "Астрахан - Маңғышлақ" магистральдық су құбырының өткізу
қабілетін 2024 жылы тәулігіне 110 мыңнан 170 мың м3-ке дейін арттыруға мүмкіндік
береді.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды:
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_information_281123_kz.pdf – қазақ
тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_281123.pdf – орыс тілінде.
[2023-11-29]