Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
29 қарашадан бастап АҚШ Қаржы министрлігінің US91282CHT18 (US102_3308) және US912810FP85 (US103_3102) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізіледі
/KASE, 28.11.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2023 жылдың 29 қарашасынан бастап KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына АҚШ Қаржы министрлігінің мынадай халықаралық облигациялары енгізілетін болады:
1) US91282CHT18 (US102_3308; $122 175,0 млн; 15.08.23 – 15.08.33, жартыжылдық купон, жылдық 3,875 %, actual/actual);
2) US912810FP85 (US103_3102; $16 428,0 млн; 15.02.01 – 15.02.31; жартыжылдық купон, жылдық 5,375 %, actual/actual).
Аталған облигациялардың рұқсаттама бастамашысы "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланады толығырақ
[2023-11-28]