"ТехноЛизинг" ЖШС KZ2P00006299 (THLZb1) облигациялары айналыс
мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
27.11.23 09:21
/KASE, 27.11.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды:
2023 жылдың 27 қарашасынан бастап "ТехноЛизинг" ЖШС (Астана)
KZ2P00006299 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, THLZb1;
1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 26.11.19 – 26.11.23; жартыжылдық купон,
жылдық 14,00%; 30/360) облигациялары айналым мерзімі аяқталуына
байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталды.
Аталған облигациялар 2019 жылдың 12 қарашасынан бастап баламалы
алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді.
Олармен сауда-саттық 2019 жылдың 28 қарашасынан бастап ашылды.
[2023-11-27]